Мемлекеттік басқару академиясында Жаңа Конституцияның жобасы талқыланды

АСТАНА. KAZINFORM –  Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.

Мемлекеттік басқару академиясында  Жаңа Конституцияның жобасы алқыланды
Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

Талқылауға Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, сарапшылар, ғылыми және академиялық қауымдастық өкілдері қатысты.

Мемлекеттік басқару академиясында  Жаңа Конституцияның жобасы алқыланды
Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

Агенттік төрағасы жаңа Конституция жобасында еліміздің тарихи және мәдени құндылықтары ескеріліп, «Әділетті Қазақстан» идеясына, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат», «Заң және тәртіп» қағидаттарына басымдық берілгенін айтты.

 — Ата Заңның жаңартылған жобасында алғаш рет Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп танылды. Бұл — еліміздің болашақтағы дамуының басым бағыттарының бірі, — деп атап өтті Дархан Жазықбай.

Мемлекеттік басқару академиясында  Жаңа Конституцияның жобасы алқыланды
Фото: Мемлекеттік басқару академиясын

Жиын барысында экономика ғылымдарының докторы, Академия профессоры Алтай Зейнелғабдин, заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Академияның Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Дауталиев және басқа да сарапшылар баяндама жасады.

Мемлекеттік басқару академиясында  Жаңа Конституцияның жобасы алқыланды
Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасын талқылау құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті.

Айта кетелік «Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасына толық қолдау білдірген еді

Соңғы жаңалықтар