Мемлекеттік дерекқор бұзылған жоқ — Жаслан Мәдиев
АСТАНА. KAZINFORM — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына қатысты пікір білдірді.

— Бұл жаңартылған деректер емес, мемлекеттік дерекқор бұзылған жоқ. Бұл бұрын таралып кеткен деректер, қазір ол деректер даркнетте қолжетімді. Олар қандай да бір Telegram арналарда пайда болған жағдайда дереу бұғаттаймыз. Бұл деректерге аздаған жаңарту енгізілген болуы мүмкін. Аталған ақпарат 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімге жатады, жаңа деректердің таралуы тіркелген жоқ, — деп қысқа қайырды Жаслан Мәдиев Мәжіліс қабырғасында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.
Бұған дейін қазақстандықтардың жеке деректер қайдан тарап кеткені жөнінде жорамал айтылған еді. Сонымен қатар жеке деректердің таралуына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ Роман Скляр қазақстандықтардың жеке деректерінің ұрлануы туралы пікір білдірген еді.