Мемлекеттік хатшы Марко Рубио USAID-ті уақытша басқару өзіне тапсырылғанын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Сальвадорда болған сапарында Марко Рубио тілшілерге АҚШ халықаралық даму агенттігі әкімшіліктің өз қызметі туралы сұрақтарына жауап беруден бас тартқанын айтты, деп хабарлайды ВВС

Марко Рубио
Фото: кадр из видео

Оның айтуынша, «бағынудың мұндай деңгейі қандай да бір елеулі тексерік жүргізуге мүмкіндік бермейді». 

Марко Рубио енді өзінің USAID директорының міндетін атқарушы екенін мәлімдеді. 

Демократиялық сенаторлар «осы заңсыз әрекеттер жойылмайынша» әкімшіліктің Мемлекеттік департаментте жасайтын кез келген тағайындауларына тосқауыл қоюға ниетті, деді сенатор Крис Ван Холлен USAID ғимаратының алдында.

Сенат тек Мемлекеттік хатшыны ғана емес, сонымен қатар ведомствоның басқа да төменгі басшыларын бекітеді. Ван Холленнің айтуынша, демократтар бұл тағайындаулардың бекітілуін тоқтату немесе баяулату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды, бірақ олардың саны Сенатта аз және болып жатқан оқиғаларға қарсы тұрудың неғұрлым перспективалы жолы – сот ісі.

Республикашылдар арасында сенатта да, палатада да Трамп әкімшілігінің USAID-тегі әрекетін ешкім сынаған жоқ. 

Бұрын хабарланғандай, Илон Масктың айтуынша, «жою» процесінен өтіп жатқан АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) бас ғимараты 3 ақпанда жабылып, ведомство қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар