Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Қаржы министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Мұрат Әділханов Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

в
Фото: Қаржы министрлігі

Мұрат Бұхарбайұлы Қазақ мемлекеттік заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша және Қаржы академиясын «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратында заңгер қызметінен бастаған.

Қаржы министрлігінің құрылымында әр жылдары бас маман, бөлім және басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Ішкі бақылау, Заң қызметі, Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменттерінің директоры болған.

Тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаментінің директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, Абай облысына жаңа прокурор тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум