Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұрынғы төрағасы өмірден өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің экс-төрағасы өмірден өтті
Фото: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің экс-төрағасы дүниеден озды. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы мәлім етті.

Анар Жайылғанова 55 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ол 2018-2019 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 2019-2022 жылдар аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар