Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері қатардағы 373 қызметшінің құқын қорғады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өз қызметінде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қарап, заңнама аясында бұзушылықтарды жою бойынша жедел ісшаралар қабылдауда.

Мемлекеттік қызмет
Фото: Атырау облысы ӨКҚ

Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, департамент мемлекеттік қызмет қағидаттарын жүзеге асыру аясында осындай арыз-шағымдарды қараумен шектеліп ғана қоймай, мониторинг, талдау жұмыстарын жүргізу арқылы да мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарын қорғау бойынша тиісті жұмыстар атқарған.

Осы тұста, 2023 жыл бойынша тексеру іс-шаралары мен департамент бастамасымен атқарылған тиісті жұмыстар нәтижесінде 373 қатардағы мемлекеттік қызметшінің құқы қорғалып, оның ішінде 273 қызметкердің әлеуметтік-еңбек құқықтары қалпына келтірілген.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдік берілген төлемдері, яғни тиісті мемлекеттік қызметшілердің қызметтеріне бағалау жүргізіліп, нәтижесінде 2,5 миллион теңге бонустар берілген, 400 000 теңгеден аса іссапар шығындарымен 300 000 теңгеге жуық еңбекақы, жәрдемақы төлемдерінің өсімпұлдары төленсе, 2,6 миллионнан астам теңге мөлшерінде төрт орташа айлық жалақысы мөлшеріндегі жұмыстан шығу жәрдемақылары өтелген.

Осы секілді, 1,4 миллионнан астам теңге мөлшерінде негізсіз үстеме жұмысқа тартылғандары үшін қызметкерлерге заңнамада көзделген төлемақылар өтеліп берілген, жүктеме жұмыс жасап отырған қызметкерге ақысының 20 %-ы көлемінде үстемақы белгіленіп, еңбекақысының айырмасы жүргізілген.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар 8 қызметшіге заңнама талаптарын бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылған.

Бұған қоса, департамент тарапынан тұрақты түрде жүргізілетін мемлекеттік қызметшілерді заңсыз артық жұмысқа тарту деректерінің алдын-алу және болдырмау мақсатындағы шаралар нәтижесінде 75 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері/сағаттары беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілген.

Соңғы жаңалықтар