«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы дайындалады

АСТАНА. KAZINFORM – «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы дайындалады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай айтты.

депутаттар
Фото: Kazinform

«Агенттік алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы ары қарай жетілдіре береді. Осы орайда мемлекеттік қызметті жүйелі дамыту мақсатында Президентің Жарлығымен 2024-2026 жылдары арналған жаңа тұжырымдама бекітілді. Бұл мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға, оның ашықтығын қамтамасыз етуге және адамға бағдарланған мемлекеттік аппараттың сервистік моделін қалыптастыруға ықпал етеді деп күтілуде. Аталған құжат аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы дайындалатын болады. Оның негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызметтегі еңбек қатынастарын реттеумен шектелмей, қоғам мен мемлекеттік қызметші арасындағы өзара байланысты заң деңгейінде реттеу», - деді ол агенттікте өткен «Қазақстандағы мемлекеттік қызмет: жетістіктері мен перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, жаңа заңнама іріктеу жүйесін жетілдіруге, ерте кәсіптік бағдарлау және мансаптық өсуді гибридтік модельдеріне сай жаңа тетіктерін енгізу арқылы мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге бағытталады.

«Сондай-ақ қызметшілер ротациясын кеңейту, әлеуметтік кепілдіктерін жақсарту, тәртіптік жауапкершілікке тарту ережелерін де қайта қарау және жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, мемлекеттік қызмет процестерін толық цифрландыру жоспарланған», - деді Дархан Жазықбай.

Соңғы жаңалықтар