Мемлекеттік қызметкерлер психологиялық тест тапсыра ма

Мемлекеттік қызметкерлер психологиялық тест тапсыра ма
Фото: Kazinform

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа қабылданар алдында психологиялық тестілеуден өте ме? Бұл сұраққа Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.   

«Мемлекеттік қызмет туралы ереже бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмысқа қабылданар алдында іріктеуден өтеді. Одан бөлек мемлекеттік қызметкердің жеке басына баға беріледі», - деді Салауат Мүксімов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Оның айтуынша, саяси мемлекеттік қызметкерлерге басқа ереже қолданылады.

«Оларға талап басқа. Олар тағайындалуы мүмкін. Дұрысын айтқанда, саяси қызметкерлердің практикалық тәжірибесі мол. Әсіресе әкімшілік саласында. Өз ойым, олар психологиялық тексерістен өтті», - дейді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсету саласында 45 мыңнан астам заңбұзушылық болған. 

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушылардың қай салаға жиі шағымданатыны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар