Мемлекеттік қызметші жаза басса, жазалаған жөн бе

Дархан Жазықбай
Фото: Дамир Ерубаев

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік қызметшілерді қате басқаны үшін жазалаған жөн бе? Бұл сауалға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Jibek joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында жауап берді.

«Мемлекеттік органдарда әдеп уәкілдері бар. Біз олардың ішінде ерлік танытып, еңбегіне адал болғандардың жұмысын насихаттаймыз. Мысалы, Түркістан облысы, Шардара ауданында ауыл әкімі су тасқыны кезінде басын қатерге тігіп адамдарды құтқарды. Сол сияқты Жамбыл облысы Шу ауданында қалың қар жауып, жол жабылған кезде ауыл әкімі қар құрсауында қалған 70 адамға көмектесті», - деді Дархан Жазықбай эфир барысында. 

Агенттік басшысының айтуынша, мемлекеттік қызметші қоғам алдында қандайда бір әдепсіз қылықтар жасайтын болса, ол міндетті түрде ашық жарияланады. 

«Ал оған негізсіз, дәйексіз жала жабылған жағдайда біз оны қорғаймыз. Заң мен тәртіп - баршаға ортақ. Мемлекеттік қызмет туралы заңда қызметшілердің жеке басына, жеке кеңістігіне кіруге шектеу қойылмаған. Менің ойымша, қоғам мемлекеттік қызметшілерге қатысты ортақ бір түсінікке келу керек деп ойлаймын. Осы орайда біз қазір мемлекеттік қызметшілерді қорғау мақсатында қандайда бір нормаларды енгізу жағын ойластырып жатырмыз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram