Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды хабарлама жасады

АСТАНА. KAZINFORM — 6 маусымда «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жоспарланған, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Салық
Фото: freepik

— ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 6 маусымда сағат 00:00–ден 10:00–ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! — делінген хабарламада.

Бұл ретте, қажет болған жағдайда салық төлеушілер ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін еске саламыз:

— 2025 жылғы 6 маусымнан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

— 2025 жылғы 9 маусымнан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Комитет атап өткендей, бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Осыған дейін ChatGPT Қазақстанда салық төлейтіні белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар