Мемлекеттік кірістер органдарының атынан қоңырау шалатын алаяқтар көбейген

АСТАНА. KAZINFORM - МКК мемлекеттік кірістер органдарының атынан қоңырау шалатын алаяқтарға қатысты ескерту жасады. 

Алаяқ
Фото: ІІМ

«Алаяқтар бұрыннан белгілі схема бойынша әрекет етеді-салық төлеушінің салықтық хаты бар немесе шоты бұғатталған деп мәлімдейді. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін бетпе-бет кездесуге онлайн брондау ұсынылады. Содан кейін кодты 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына жібереді және брондау процесін аяқтау үшін кодты жазуды сұрайды», - деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында. 

Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге жеке мәліметтерін ешкімге бермеуді ескертеді.  

Сондай-ақ МКК қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақша аударуға, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

Соңғы жаңалықтар