Мемлекеттік күзет қызметі ШЫҰ саммитіне байланысты астаналықтарға үндеу жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындары мен қонақтарына 28 маусымнан бастап елордада ШЫҰ саммитіне дайындық аясында жекелеген көшелерде көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін ескертті.

Сондай-ақ саммитке дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізілетіні хабарланды.
– 2-4 шілде аралығында Есіл, Нұра және Алматы аудандарында да осындай шектеулер енгізіледі. Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп мәлімдеме жасады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.