Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM – Егемберды Ерғали Қуандықұлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігіның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Бостон университетін (АҚШ) тәмамдаған. Саяси ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1998 жылы Қаржы министрлігінің жүйесінде Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы болып бастаған. Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, астананың «Сарыарқа» ауданының әкімі, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарған.
Соңғы екі жыл Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы қызметін атқарған.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.