Мемлекеттік орган басшыларынан 22,1 млн теңге өндірілді – Мемлекеттік қызмет агенттігі

Мемлекеттік орган басшыларынан 22,1 млн теңге өндірілді – Мемлекеттік қызмет агенттігі
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында заң бұзушылықтарға жол берген басшылар жазаланды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.   

«Жыл басынан мемлекеттік қызмет көрсеткен 577 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 298 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапқа тартылды. Нәтижесінде мемлекет кірісіне 22,1 млн теңге өндірілді. Профилактика мақсатында мемлекеттік органдарға көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан орын алатын жүйелі заң бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде ұсынымдарды қарастыратын талдау жолданды», - деді Салауат Мүксімов ОКҚ-де өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында агенттік бюрократиядан арылту жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

«Бұл бағытта жүргізілген мониторинг пен талдау нәтижесімен агенттік 373 ұсыныс әзірледі. Әзірленген ұсыныстар бизнес-процестерді реинжинирингтеу, артық құқықтық реттеуді, жоғары талаптарды алып тастауға, функцияларды орталықсыздандыруға және лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін күшейтуге бағытталған», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар