Мемлекеттік шекараны қорғауда қандай жұмыс атқарылды

 ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылғы қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып шекара кеңістігінде 5 290 (жылдың басынан – 25 364) Қазақстан заңнамасын бұзғандарды ұстады, деп хабарлайды Kazinform.  

Мемлекеттік шекараны қорғауда қандай жұмыс атқарылды
Фото: Kazinform

Мемлекеттік шекара арқылы 994 соның ішінде 70 есірткі заттарын, 28 ату қаруы мен оқ-дәрілер (9 дана ату қаруы, 296 дана оқ-дәрілер, 12 дана суық қару), 27 діни әдебиет (342 дана), 323 – жалпы сомасы 8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (34 800 литр), 453 жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар, 93 жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өту жағдайының болуына жол берілмеді.

Мамандар Каспий акваториясында 74 браконьерлік фактілерінің алдын алды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 186 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары, 5 дана жүзу құралы, 698 дана (5 429 кг) бекіре тұқымдас балықтар, 2 575 дана (5 107 кг) ұсақ тұқымдас балықтар, 3 700 дана (700 кг) шаян тәрізділер тәркіленді.

Алды алынған залал сомасы – 1,9 млрд теңге.

Осы фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.