Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын дайындау қорлары құрылады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларды дайындау қорлары құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

заместитель Премьер-Министра – министр национальной экономики Нурлан Байбазаров
Фото: Primeminister.kz

«Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру сапасын арттыру мақсатында Мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларды Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірге Дайындау қорларын құру мәселесі пысықталуда. Ауқымды мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобаларын «толық дайын» пулын қалыптастыру мәселесі 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды іске асырумен өзара байланыста кешенді түрде қаралатын болады», - деді Нұрлан Байбазаров.

Оның атап өтуінше, денсаулық сақтау және білім беру салалары үшін мемлекеттік-жекешілік әріптестік жобалары бойынша жекелеген нормативтер мен ережелер қалыптастырылады.

«Атап айтқанда, медициналық объектілер мен орта білім беру ұйымдарын құру жөніндегі мемлекеттік-жекешілік әріптестік тәсілдері жан басына шаққандағы нормативтерді төлеу есебінен инвестордың шығындарын өтеуін қарастыратын шараларды көздейтін болады. Сондай-ақ, жоспарлау процесін жеңілдетуге және жүйелеуге болатын үлгілік жобалар бойынша «Бағдарламалық мемлекеттік-жекешілік әріптестікті» қолдану жалғастырылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар