Меморгандардың ақпараттық жүйесіне шартты кибершабуылдар жасалып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов Нұр-сұлтан қаласында кибер жаттығулар өткізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медицина, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру секілді әлеуметтік салалармен қатар, пандемия мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымына да соққы жасады. Бәріңіз де оған куә болдыңыздар. Мемлекеттік интернет-ресурстарға енудегі проблемалар цифрландыру саласындағы ұйымдастырушылық және технологиялық базаның жеткілікті деңгейде дамымағанын көрсетіп берді», - деді Руслан Әбдіхалықов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша электронды үкіметтің ақпараттандырушы ірі нысандарына әрдайым кибер шабуылдар жасалып тұрады. Жыл сайын ақпараттық қауіпсіздік саласында бұған қатысты миллиардтаған оқиға тіркеледі.

«Биылдың өзінде 4 миллиардқа жуық оқиға тіркелді. Одан бөлек 200 миллионға жуық кибершабуыл жасалды. Пандемия мен қашықтан жұмыс жүргізу жағдайы – цифрлық инфрақұрылымға жүктемені бірден артып жіберді. Біз бұған дайын болмай шықтық. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан кибер жаттығулар арқылы туындаған қауіптерге мемлекеттік органдардың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімшелер, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының дайындығы тексеріліп жатыр. Шартты түрде белгіленген, экстремистік пиғылдағы шабуылшы электронды үкіметтердің ақпараттандырушы нысандарына бастырмалата ДДОС-шабуылдарды жасайды. Осы шабуылшы мемлекеттік интернет-ресурстарды бұзу әрекеттерін жасады, әлеуметтік желілерде шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратып, фишинг жасады», - деді ол.

Руслан Әбдіхалықов осы кибер жаттығуда неліктен қауіпсіздік сертификаты іске қосылғанын айтып өтті.

«Пандемия уақытында шындыққа сай келмейтін, елдің ақпараттық заңнамасын бұзатын мәлімет көбейіп кетті. Оның бәрі әлеуметтік медиа арқылы тарауда. Шынайы жағдайды бағалау үшін шартты діни экстремистер әртүрлі ақпаратты таратады. Ал бұл ретте мемлекеттік органдардың міндеті – оны уақытында анықтап, нақты шектеу қою. Сондай-ақ бүкіл интернет ресурстың штаттық қызметін бұзылмауы тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар