Меморгандардың қызметі туралы халықты шынайы хабар етуде баспасөз ерекше рөл атқарады - Қалмұханбет Қасымов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Байланыс және ақпарат күні қарсаңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы ІІМ-нің сайтынан хабарланады.
«Қазақстанның ішкі істер органдары - бұл еліміздің көп функциялы және көп санды құқық қорғау органдарының бірі болып табылады. Полиция органдары барлық қылмыстық істердің 90% тергеуді жүзеге асырады, азаматтармен тікелей қарым-қатынаста қызмет атқарады, автокөлік ресімдеу, рұқсат алу, көші-қон құжаттары және өзге де бірқатар мәселелер бойынша тікелей жұмыс істейді.
Біздің негізгі мақсатымыз - бұл барынша ашықтықты, жариялылықты, сондай-ақ біздің қызметіміздің тиімділігі мен кәсібилігін қамтамасыз ету. Ал азаматтардың сенім деңгейі - біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші. Алайда, БАҚ-пен толыққанды өзара іс-қимылсыз осы міндетті шешу мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты шынайы хабар етуде, халықтың құқықтық санасын арттыруда баспасөз ерекше рөл атқарады», - деп атап өтті ішкі істер министрі.
Мереке қарсаңында ІІМ-нің бұйрығымен ішкі істер органдарының қызметін белсенді жариялағаны, полиция қызметінің беделіне арттырғаны үшін, сондай-ақ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты әртүрлі республикалық басылымдардың 34 тілшісі марапатталды.
Салтанатты іс-шара барысында Қ.Қасымов марапатталған журналистерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.