Мен кәсіпкер емеспін: Банктен шот ашудың тәртібі өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк жеке тұлғаларды банктен шот ашқан кезде өзінің кәсіпкер еместігін растап қосымша өтініш ұсынуға міндеттейтін құжатты бекітті.

Қозоғистонда банклар тўғрисида янги қонун тайёрланмоқда: нима ўзгаради ва у нима учун керак
Фото: ҚНРА

Қарапайым тілмен айтсақ, жеке тұлға арнайы салық режимімен жұмыс істемесе, нотариус, адвокат, медиатор, жеке сот орындаушысы болмаса, банкке шот ашқанда аталған қызмет түрлерімен айналыспайтынын растап қол қояды.

- Егер клиент пен банк арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, клиент-жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде кәсіпкерлік қызметпен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі шеңберіндегі қызметпен, нотариалдық қызметпен, адвокаттық қызметпен, атқару құжаттарын орындау бойынша қызметпен, медиация тәртібімен дауларды реттеу бойынша қызметпен байланысты операциялардың банктік шот бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін өтініш береді, - деп жазылған жаңа түзетуде.

Ал такси, репетитор, шаштараз, дизайнер, фрилансер сияқты кәсіппен айналысып, өзін-өзі жұмыспен қамтыса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы шот ашу туралы өтініш толтырады. Ол үшін банкке жеке куәлік, арнаулы салық режимі бойынша шот ашу туралы өтініш тапсырса жетіп жатыр.

- Жеке тұлға (азамат, қандас) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру үшін ағымдағы шотты ашу кезінде банкке жеке басын куәландыратын құжатпен бірге өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шотты ашу туралы өтінішті береді, - делінген Ұлттық банк қаулысында.

Құжат он күн өткен соң күшіне енеді.

Бұған дейін семейлік жігіттің үстінен банктегі шотын есірткі сатушыларға әдейі берді деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар