Мен Қазақстанға әр келген сайын отандастарымның азаматтық ұстанымы өсіп келе жатқанын байқаймын - Жәмилә Стегликова

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында Қазақстандағы жағдайдың жан-жақты талдауы мен оның әлемдік аренадағы ұстанымдары, стратегиясы әлемдік экономика мен саясаттың тұрақсыз кезеңінде нақты әрекеттер жоспары мен Қазақстанның даму стратегиясы қамтылған».
None
None

Осындай пікірімен Чехия Республикасының адам құқығы мен азшылық ұлттар бойынша бұрынғы министрі, ЖИТС-қа қарсы күрес бойынша республикалық орталығының бас директоры Жәмилә Стегликова бөлісті.

«Мұндай жағдайда дана саяси басшылық, нақты бағыт пен нақты мақсаттар керек - мұның бәрі Республика Президентінің Жолдауында бар. «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарлама құжаты шын мәнісінде болашаққа апаратын жол, онда ертеңгі күнге деген сенімділік туралы айтылған, ол Қазақстан азаматтарын біріктіріп, қанаттандырады», - дейді ол.

«Қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру мақсаты өте маңызды. Әлеуметтік жаңғырту азаматтық қоғамды дамытуды көздейді. Өз Отаным - Қазақстанға барған кезде мен тек Қазақстанның қалай гүлденіп келе жатқанын емес, сонымен бірге менің отандастарымның азаматтық ұстанымы қалай өсіп келе жатқанын байқадым. Қазақстандықтар тек материалдық тұрғыда ғана тұрмыстары жақсарып қойған жоқ, олар осы күні өздеріне әлдеқайда сенімді, әлдеқайда белсенді. Өз өмірлерін қолдарына алып, өз елдерінің нағыз иелеріне айналды. Соған қарамастан, олар көмек қолын созуға даяр толерантты адамдар ретінде қалып отыр. Қазақстанның бүгінгі экономикалық және геосаяси жетістіктері - Президент пен Республика басшылығы саясатының арқасындағы барлық қазақстандықтардың күшінің нәтижесі» деп қосты сөз соңында Жәмилә Стегликова.

Соңғы жаңалықтар