Мен Нұрсұлтан Назарбаев сияқты әділ Президент сүйікті елімді басқарғанын қалаймын - Игорь Вербицкий

КЕНТ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Еліміздің оңтүстік өңірі «Нұр Отан» партиясы атынан президенттік сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдайды.
None
None

«Мен «Нұр Отан» партиясының бастамасын 100 пайыз қолдаймын, өзім партия мүшесі болып табылмасам да, Нұрсұлтан Әбішұлы үшін дауыс беремін. Себебі бұл адам бірнеше жылды ғана емес, алдағы ондаған жылдарды бағдарлай алады», - дейді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Оңтүстік Қазақстан облыстық Орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкий. Оның ойынша, еліміздегі, оңтүстік өңірдегі жақсы өзгерістер тікелей қазіргі Президенттің саясатымен байланысты.

«Мен Президенттің референдумды өткізбеу туралы шешімін жақтаймын. Алайда мен референдумды қолдайтын едім және өзім де бастамашы топ қатарында болдым, себебі референдум өткізу дұрыс деп санаймын. Алайда референдумды өткізбеу туралы шешім қабылдай отырып, Елбасы қазақстандықтар алдында одан да биіктей түсті. Өйткені ол Конституцияға қарсы келген жоқ, барлығын демократиялық жолмен шешуді жөн деп санайды. Мен қазіргі Президентті қолдаймын. Менің сүйікті елімді Нұрсұлтан Назарбаев сияқты әділ Президенттің басқарғанын қалаймын», - деді И. Вербицкий.

Соңғы жаңалықтар