«Мен пояс үшін келдім»: Айдос Ербосынұлы қарсыласымен көз арбасты

«Қарсыластар 6 қараша күні таңертең (Қазақстан уақытымен) Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек алдында ресми баспасөз мәслихатында бетпе-бет кездесті. Айқас кубалық боксшыға тиесілі WBA Super нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы титулы үшін өтеді», - делінген Кazproboxing Instagram-парақшасында.
Айдос Ербосынұлы баспасөз мәслихатында сұраққа қаза тілінде жауап беріп: «Қазір Қазақстанда аң аулау маусымы жүріп жатыр. Ауылда кішігірім аңшымын. Қазір Америкада жүрмін және осы сенбі аң аулауға шығатын боламын. Жекпе-жекті тамашалаңыздар!», - деді боксшымыз.
«Мен пояс үшін келдім!», - деп жазды қазақстандық спортшы Instagram-дағы жеке парақшасында.
Еске салайық, Ербосынұлы – Моррел жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 6 қараша, таңертеңгі сағат 08.00.
Кеш барысында тағы бір қазақстандық – Абылайхан Жүсіпов рингке шығады.