18:43, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Мен Президент Назарбаевтың әлемде ядролық қаруды қысқарту жөніндегі бастамасын қолдаймын- Э. Фалеомаваега
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - АҚШ конгресмені Эни Фалеомаваега Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемде ядролық қаруды қысқарту жөніндегі бастамасын қолдайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен Президент Назарбаевтың әлемдегі барша ұлтқа, халыққа жолдаған ядролық қаруды қысқарту жөніндегі бастамасын шынайы қолдаушы, жақтаушы адаммын. Мұндай қаруға біздің әлем мұқтаж болып отырған жоқ», деді АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Шетелдік істер жөніндегі комитеті кіші комитетінің төрағасы Эни Фалеомаваега бүгін Ақордада Елбасының қабылдауынан кейінгі брифингте.
Сонымен қатар конгрессмен Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының III сьезінің өтіп жатқанына ризашылығын білдірді. «Бұл форум діни наным-сенім бостандығына, төзімділікке арналған. Бұл әлемнің көптеген елдері іске асыруы тиіс тамаша идея», деді мәртебелі мейман.