Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өте құрметтеймін және Қазақстан басшысын Абылай ханның ізбасары деп танимын - Ыстамбұл университетінің профессоры Мехмет Сарай

КӨКШЕТАУ. 5 қазан. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Абылай ханның ізбасары деп танимын. Бұл туралы бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ыстамбұл университетінің профессоры (Түркия) Мехмет Сарай айтты.
None
None

«Мен Қазақстан тарихын 1967 жылдан бері зерттеп келемін. Осы жылдар ішінде Еуропа, Азия және басқа де өңірлердегі мұрағаттарды зерделедім, бірақ Ресей мұрағаттары мен тарихи құжаттарын зерттеуге мүмкіндік болған жоқ», - деп тоқталды ғалым.

Сонымен қатар Мехмет Сарай Қазақстан тарихы тұрғысында өзге шетелдік тарихшылардың еңбектері өзін толық қанағаттандырмайтынын сөз етті.

«Атап айтқанда, Қазақстан тарихын зерттеу бағытында мұрағаттар мен қажетті ақпараттарға қол жетімділік болса деген өтінішім бар», - деді ол.

Сөз соңында ғалым қазақ тарихында көптеген аса көрнекті мемлекет қайраткері болғанын айта келе, «Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты өте құрметтеймін және Қазақстан басшысын Абылай ханның ізбасары деп танимын», - деді.

Соңғы жаңалықтар