Мен сындарлы ішкіпартиялық сынды жақтаймын ? «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі Амангелді Ермегияев

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - «Нұр Отан» партиясының қалыптасу жылдары – бұл біздің жас егемен еліміз үшін ғана емес, оның әрбір азаматы үшін күрделі және сонымен қатар өте қызықты кезең. Бұл туралы Алматыда ҚазАқпарат тілшісіне «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі, 2002-2004 жылдары партия төрағасының міндетін атқарған Амангелді Ермегияев айтты.
- Амангелді Дінұлы, өзінің он жылдығын атап өтіп отырған «Нұр Отан» ХДП-ның мамырдың 15-інде кезектен тыс съезі өтеді. Бұл ? өткенге көз жүгіртіп, бастауында Сіз де болған партияның өмірге келуін еске түсіретін мерзім.- Он жыл елдің дамуында және партия құрылысында ? көп уақыт емес. Алайда серпінді дамып келе жатқан, қысқа мерзімде әміршіл жүйеден демократиялық қоғамға дейінгі жолдан өткен біздің мемлекетіміз үшін - бұл уақыт жағынан нығыздалған мазмұны зор кезең. Көптеген елдер оны едәуір уақыт жүріп өтті. Бұл өзіміздің мемлекеттік және партия құрылысының ешқандай дерлік тәжірибесі болмаған кез еді. Біз бұған дейін басқа саяси жүйеде, коммунистік партияның бағдарламалық құжаттарымен өмір сүрдік. Республикада ешқандай дербестік болған жоқ, өйткені тек қана орталықтың нұсқаулары орындалып отырды. Кез келген идея өзгеше көзқарас ретінде қабылданды. Бүкіл қоғам және біздің көпшілігіміз сондай болдық. «Отан» партиясы тақыр жерде пайда болған жоқ. Алдымен ҚР Президенттігіне үміткерді ұсыну және қолдау жөнінде қоғамдық ұйым құрылды. Науқан аяқталғаннан кейін өмірдің өзі қоғамдық жұмыстың жинақталған тәжірибесін жүзеге асыруды талап етті және саяси партия құру идеясы пайда болды. Бұған елде болып жатқан қоғамдық үдерістер де себепкер болды. Осылайша, 1999 жылдың жазында «Отан-Отчизна» қоғамдық бірлестігі құрылды, оны Сергей Терещенко басқарды. 2002 жылғы қарашада партия төрағасының міндетін орындау маған жүктелді. Бұл ? бір сәттік шешім емес еді. Өзімнің көзқарастарым мен мүмкіндіктерімді таразыға салып, төрт айдан кейін келісімімді бердім және осы қызметті 2,5 жыл атқардым. - Сізге кәсіби міндеттеріңізді доғарып, саяси жұмысқа бел шешіп кірісуге тура келді. Яғни ел мүддесі жеке мүддеден жоғары болғаны ма?- Тек өзінің қара басының ғана игілігін ойлайтын адам емес, өз отанының тағдыры, оның келешегі толғандырған кез келген адам осындай ұстанымда боларына сенімдімін. Бұл ? қоғамның қалыптасуына, оны демократиялық дамыған елдерге қарай ілгері жылжытуға қатысып жүрген азамат пен патриоттың ұстанымы. Мемлекеттің мүддесі өзіңнің жеке басыңның игілігінен қашан да жоғары тұруы тиіс. Иә, ол кезде маған бүкіл уақытымды дерлік партия жұмысына жұмсауға тура келді. Бұл қалыптасу кезеңі еді, сондықтан да көптеген нәрсені алғаш рет істедік. Иә, партияның стратегиялық бағыты таңдалды, бірақ оны қалай құру, қандай тактиканы таңдау, қай әдісті қолдану керек екенін жүре-бара үйрендік. Мен үшін осы 2,5 жыл өмірімдегі қызықты кезең болды. Бұл ? орасан зор саяси тәжірибе мен таным жинаған кез болды. Мұның бәрі менен көп күш-жігер жұмсауды талап еткенін жасырмаймын. - Партия қалайша қоғамда көшбасшылық орын алуға ұмтылды?- Ол кезде әртүрлі партиялар белсенді түрде пайда болды, олардың ішінде оппозициялық тұрғыдағылары да бар. Олармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен бәсекеде біз өз алдымызға көшбасшы болу мақсатын қойдық. Ал ол үшін халықтың, болашақ сайлаушылардың арман-мүддесін дөп басып, сезіне білу қажет. Бұл жаңа идеялар мен әдістерді іздестіру кезеңі болды. Күнделікті қат-қабат жұмыстардан басқа мемлекеттің перспективасы, оның экономикалық және саяси дамуы жайын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Бізге партияның бағдарламалық құжаттары мен жарғысын жасаумен қатар, елдің серпінді даму бағытын таңдауымыз қажет болды. Ол кезде партияның қалыптасқан құрылымы да болмады. Жасыратын несі бар, біздің кейбіріміз шаттанумен жүрдік, - өйткені біздің партиямызды ҚР Президентінің өзі басқарды. Партияның жарғысы бойынша әрбір үміткерді жекелей қабылдау қажет бола тұрса да, оның қатарына тұтастай ұжымдар өте бастады. Сол кезеңде партия мүшелері саны күрт өсіп кетті. Олардың көпшілігі оның жарғысымен танысып, бағдарламасын қабылдап, оның қатарына саналы түрде өтті. Бұл ? елеулі нәрсе. Әркім өзі ойланыңқырап қадам жасауы үшін біз жарна белгіледік. Оның мөлшері онша көп болмаса да, адамдардың өз таңдауы жөнінде ойлануына себеп болды. Бұдан басқа да көздегендеріміз болды. Бастауыш партия ұйымының басшысы қатардағы мүшесімен айына кем дегенде бір рет кездесіп тұруы тиіс болды. Мұндай байланыстың партия идеяларын оның әрбір мүшесіне жеткізуде зор маңызы болды. Сонымен бірге жарналар партияны басқару құрылымын қаржылай қолдауға жағдай жасады, бұл сол кезде құрылған партия құрылысы үшін маңызды сәт болды. Тағы бір маңызды жайт ? бастауыш, аудандық, облыстық, орталық партия ұйымдарын ұйымдастыру еді. Яғни төменнен орталыққа дейінгі басқару аппараты қалыптасты, ол кейіннен тиімді жұмыс істейтін құрылымға айналды. Жарналар бұл құрылымдарды қолдау үшін қажет болатын, ол тәртіп бүгін де осылайша жұмыс істеуде. Мен жұмыс жасаған кезде партияның төрт съезі өткізілді. Олардың әрқайсысында партияның алдына белгілі бір міндеттер қойылды, тағдырлы құжаттар қабылданды. Мысалға 4-ші съезде партияның 2003-2005 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті дамыту туралы бағдарламасы қабылданды. Бүгінде ол ел экономикасындағы көш бастап келе жатқан сала болып отыр деп айтуға болады. Бұдан басқа, әрбір съезде жарғыға өзгерістер енгізілді. Соңғы екі съезде партияның бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Бағдарлама қатып қалған нәрсе емес деп санаймын, ол икемді болуға тиіс, оның үстіне партия құрылысы және мемлекеттілікті серпінді дамыту жарыса жүріп жатты. Алдағы съезде де біз Жарғыға, бағдарламаға өзгерістер енгізетін боламыз, өйткені уақыт жаңа міндеттерді алға тартып отыр. Айтпақшы, бірінші съезде партияның атауын «Отан» деп өзгерту жөнінде шешім қабылданды. Бесінші съезде ? мәслихаттар депутаттығына үміткерлер ұсынылып, бекітілді. Сөйтіп партияның жергілікті деңгейдегі рөлі күшейтілді. Ол кезде «Отанға» басқа партиялар бәсекелес бола алмады деуге болады, өйткені біз оларды өз идеяларымызбен басып озып отырдық. Олар президенттік орынтақ үшін, Мәжілістегі орын үшін ғана күресу қажет деп санады. Ал біздің ұстанымымыз мынада, бәрінің негізі жергілікті жерлерде, сайлаушылар да сол баяғы, сондықтан да жергілікті жерлердегі оларды өзімізге тарту қажет болды. Мәслихаттар депутаттарының 70 пайызға жуығын біздің партиямыздың өкілдері құрады. Барлық мәслихатта дерлік біз көпшілік жағдайда болдық. Бұл елеулі саяси жетістік болатын. Осы жетістігіміз Мәжілістің, Президенттік келесі сайлаулар үшін берік база болды. Біздің партиялық ортадағы бәсекеге қабілеттілігіміздің іргетасы осылайша қаланды. Барлық съездерде партияның төрағасы баяндама жасады. Мысалға, 6-шы съезде партияның өзекті міндеттері туралы әңгіме қозғалды, Жарғыға өзгерістер енгізілді, партияның әнұраны қабылданды. 7-інші съезде ? ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер ұсындық. Сайлау науқаны партиялық тізім бойынша және бір мандатты округтер бойынша жүргізілді. Сол кезде біз партиялық тізім бойынша 13 үміткерді және округтер бойынша 67 орынға 63 үміткерді ұсындық. Мәжіліске үміткерлерді ұсыну және бекіту ? съездердің құзыреті. Сөйтіп, сайлауда біз табысқа жеттік. - Елдегі заң шығару үдерісіне фракция ықпал ете алатынын нақ сол кезде түсінген шығарсыздар, шамасы. «Нұр Отан» Мәжілісте басымдыққа ие болды. Бұл да партия үшін белгілі бір кезең ғой...- Кез келген партия өзінің бағдарламасын жүзеге асыру үшін президенттік сайлауда жеңіп шығуға, заң шығарушы билікте көпшілік дауысқа ие болуға ұмтылады. Мәжіліске өз үміткерлерін ұсынарда партия бағдарламалық құжат қабылдайды. 7-ші съезде партияның «Қазақстандық жол-2009» сайлауалды бағдарламасы бекітілді, онда еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси бағытының барлық қырлары қамтылды. Бүгінде еліміз осы құжат бойынша жұмыс істеуде. Әрине, өмір өз түзетулерін енгізеді. Көптеген елдерді шарпыған экономикалық дағдарыс та халықтық-демократиялық партияның бағдарламалық құжаттарына өзгертулер енгізеді. Дегенмен, кез келген жағдайда бұл құжат жұмыс стилі сияқты икемді болуға тиіс. Партия және оның мүшелері қоғамның дамуындағы барлық өзгерістерге сергек үн қататын және кейде өмірдің алдында бола алатын жанды организм болуы қажет. Бағдарлама ? партияның негізі. - Әкімдердің халық алдында есеп беруін алғашқы болып «Отан» партиясы ұсынды. Бұл елдің демократиялық даму жолындағы маңызды сәт болды ғой деймін...- Атқарушы биліктің Мәжіліс алдында, жергілікті биліктің аудандық және облыстық мәслихаттар және халық алдында есеп беруі ? қоғамды демократияландырудың қажетті элементі. Бұл күрделі жағдай болды, осы норманы енгізу үшін ел Президентінің саяси ерік-жігері, қоғамдық ұйымдардың мүдделілігі және халықтың арман-мақсаты қажет болды. Бүгінде Үкіметтің Парламентте, әкімдердің ? халық алдында есеп беруі нормаға айналды. Сонымен бірге бүгінде «Нұр Отан» Мәжілісте партиялық көпшілікке ие болды, Үкіметті қалыптастыруға ықпал етеді, ол партиялық фракцияға есепті. Егер партия президенттік сайлауда жеңіп шықса, онда жергілікті атқарушы органдарға оның мүшелері ұсынылуы тиіс. Осылайша партия қос жауапкершілікті мойнына алады - өзінің үміткерлерін ұсынғанда және олардың кез келген әрекеті үшін сайлаушылар алдында. Партияның сабақтастығы мен логика, міне осында. Бүгінде Парламент Мәжілісі ? бір партиялы. Ол партиялық тізім бойынша қалыптасты. Бірақ та мен әрқашанда бұл көзқарастан бас тартып отырдым, өйткені Парламент 50-де 50-ден, яғни партиялық тізім бойынша және бір мандатты округтер бойынша қалыптасуы тиіс деп санадым және қазірде солай деп санаймын. Қазақстан ? жас мемлекет, онда партия құрылысы үдерісі белсенді жүріп жатыр және Парламентте пікір алуандығына мүмкіндік беру керек. Біздің еліміздің осы кезеңдегі дамуында Мәжілісте 5-6 партия отыруы тиіс, сондай-ақ өзін-өзі ұсынушыларға да мүмкіндік берілуі қажет. Бұл ? салауатты бәсекелестіктің белгісі. Келесі шақыруда бірнеше партия болатын шығар. Мүмкін, Мәжіліске партиялардың өту табалдырығын 7 пайыздан 4 пайызға дейін төмендету керек болар.- Сіз сындарлы сынды жақтайсыз ба?- Сын болмаса тоқырау болады. Біз жалпыға бірдей «мақұлдаймыз» деп құлдық ұратын кезеңнен өткенбіз. Кез келген қоғамда сындарлы оппозиция болуы тиіс. Сондай-ақ партияішілік пікірталасқа да орын болуы қажет, сарабдал сын әрқашан да керек. 1,5 млн. адамда бір мәселе жөнінде бірыңғай пікір болуы мүмкін емес. Партияның стратегиялық бағыты таңдалды, бірақ та оның жұмысын жетілдіру тоқталмақ емес. - «Нұр Отан» ХДП Саяси Кеңесінің мүшесі ретінде Сіз партия өміріне қалай қатысып отырсыз?- Партия жанында кеңесші орган ? «Абырой» ақсақалдар кеңесі құрылды, оған партия құрылысының бастауында тұрған адамдар енді. Біз өзекті мәселелерді талқылауға қатысамыз, өз ұсыныстарымызды айтамыз. Әрине, партияның Саяси Кеңесінің отырыстарына да қатысамыз. Айтқандай, жақында партия төрағасының және Үкімет мүшелерінің қатысуымен. Саяси Кеңестің кеңейтілген отырысына қатыстық. Онда біз елдегі болып жатқан экономикалық үдерістерге өз пікірімізді білдірдік, осы күрделі жағдайдан шығудың өзімізше жолдарын ұсындық. Елдің болашақтағы экономикалық дамуы жөнінде пікірімізді ортаға салдық. Мысалға, Сергей Терещенко агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі өз идеяларымен бөлісті. Біз өзімізідің пікірімізді білдіріп қана қоймай, нақты ұсыныстар да айттық. Мен Қазақстан одан әрі дами түсуі үшін экономиканың стратегиялық және басымдық салаларын таңдауы тиіс деген пайымымды ортаға салдым. Ауыл шаруашылығы ? біз үшін өмірлік маңызы бар сала екені даусыз. Дегенмен, біз бәсекеге қабілетті бағыттарды таңдауымыз қажет. Шикізат секторында ел әлемдік конъюнктураға тәуелді болатыны белгілі. Бірақ та бізде орасан зор артықшылықтар бар ғой ? біздің географиялық орналасуымыз, ол Ресей, Батыс Еуропа және Тынық мұхит аймағы мен Қытай арасында транзиттік мемлекет болуға зор мүмкіндік береді. Мен құрылыс бизнесі дағдарыстан көбірек жапа шексе де, бұл салада өте жақсы тәжірибе жинағанымызды атап өттім. Иә, кемшіліктер бар. Бірақ та құрылыс экономиканың локомотиві болуы тиіс және солай бола алады. Тұрғын үй құрылысы ? экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешу жолы. Соңғы жылдарда 7 млн. шаршы метрге дейін тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл салада бізде әлеует, сауатты инженер кадрлары, мамандар бар. Біз ресейліктермен де, қытайлықтармен де бәсекеге түсе аламыз. Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары өз жемісін береді ғой деп ойлаймын. Айтқандай, бұл орайда да, яғни дағдарысқа қарсы бағдарлама бойынша да біз өз ескертпелерімізді айттық. Мысалға бюджеттік сала қызметкерлері үшін ипотека 4 пайыздан аспауы тиіс, жас отбасыларына бірінші және одан кейінгі сәбилері туғанда елеулі жеңілдіктер қажет. Бұл демографиялық мәселелерді шешуге де ықпалын тигізеді.Партия жер-жерде белсенді жұмыс жүргізуде, әртүрлі қоғамдық маңызды қозғалыстарға бастамашы болуда. «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдаулары да елдің көптеген азаматтары үшін өз проблемаларын шешуге үміт еткен соңғы бекет сияқты болды. Бұл партияға деген сенімді көрсетеді. Бұл өз сайлаушыларымызбен арадағы жанды кері байланыс деген сөз.
Соңғы жаңалықтар