Мен Теміртаудың бұдан да жақсы және өмір сүру мен демалыс үшін қолайлы қала болатындығына сенімдімін - Нұрсұлтан Назарбаев

Мен Миттал мырзадан Теміртауда жастарға арналған жақсы спорт сарайын салуды өтіндім. Онда жастар спорттың ойын түрлерімен шұғылданған болар еді. Мен өтінішім орындалады деп ойлаймын», деді өз сөзінде Н. Назарбаев.
Елбасы Теміртау қаласы жыл өткен сайын өркендеп келе жатқанын атап көрсетті. «Бүгін мен қаланы көрдім. Қалада салынған жаңа нысандармен танысатын боламын. Мұны біздің Магнитканың мерейтойына жасалған лайықты сыйлық деп білемін. Қуаныштарыңызға ортақпын. Қала тап-тұйнақтай, жарқырап тұр. Осылай болуы тиіс. Теміртауда жаңа неке сарайы, бұрын болмаған мешіт, провославиялық храм салынды», деді.
Мемлекет басшысы қазіргі таңда бүкіл Қазақстан құрылыс алаңына айналғанын айта келе: «Бұл біздің мемлекетіміздің қуатты әлеуетінің және халқымыздың рухының мықтылығының басты айғағы болып табылады», деді.
Президент Теміртау келешекте бұдан да әдемі өмір сүру мен демалыс үшін қолайлы болатындығына және мұнда жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандар салынатындығына сенім білдірді.