Мен жаңа үйлесімді жүйенің даму негізі - жаңа әлемдік валюта болатынына сенімдімін ? Н. Назарбаев

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мен жаңа үйлесімді жүйенің даму негізі- жаңа әлемдік валюта болатынына сенімдімін.
None
None
Бұл үшін ең алдымен әлемдік валюта туралы әлемнің басым елдерінің парламенттерімен қабылданған, БҰҰ-мен мақұлданған жалпы заң болуы шарт. Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты Астаналық ІІ Экономикалық форумды ашып сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні әлемдік валюта эмиссиялары осы валютаны пайдаланатын мемлекеттердің, әлемдік қауымдастықтың бақылауында болмай отыр. Бұл өз кезегінде бүгінгі әлемдік валюталық жүйе қызметін адамзат дамуының мақсатына сай келмейтінін көрсетеді. Бұл жүйе нақты түрде уақыттың тезіне шыдамайтындай болып ескірді. Мен жаңа үйлесімді жүйенің даму негізі- жаңа әлемдік валюта болатынына сенімдімін. Бұл үшін ең алдымен әлемдік валюта туралы әлемнің басым елдерінің парламенттерімен қабылданған, БҰҰ-мен мақұлданған жалпы заң болуы шарт. Бұл нарықта жекелеген топтар, әлемдік валюта эмитенті үшін кез-келген артықшылықтарды болдырмау қажет. Мұндай жүйе адамзат тарихындағы алғашқы заңды әлемдік валютаны құрудың негізі болатын еді», - деді Елбасы. Президенттің айтуынша, бұл үшін ең алдымен әлемдік валютаның ескі деффектілерінің жүктемелерін шектеп немесе қайта бөліп, оны өңірлік, құрлықаралық валюталық бірліктерге жіктеген орынды болар еді.
Соңғы жаңалықтар