Менделеев олимпиадасына 15 қазақстандық оқушы қатысады

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең елордадағы Тәуелсіздік сарайында 46 Халықаралық Менделеев олимпиадасы басталады. Оған әлемнің 18 елінен 112 оқушы қатысады.
None
None

Бүгін осыған орай баспасөз мәслихатын өткізген Халықаралық Менделеев олимпиадасының президенті, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті химия факультетінің деканы Валерий Лунин білім жарысына Қазақстан тарапының өте жоғары деңгейде дайындық жүргізіп жатқандығын атап өтті. Бұл олимпиада 15 қазақстандық оқушы өзінің білім деңгейін көрсететін болады.

«Біз олардың мүмкіндіктерін өте жоғары бағалаймыз. Өйткені қазақстандық оқушылардың олимпиадағы дайындықтары, әсіресе, химиядан өте жоғары екендігі анық. Бұл білім жарысынан олар алтын медальді бұған дейін де иеленген болатын. Біздің университеттің химия факультетін үздік бітіргендер де бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, сәуірдің 29-ына дейін жалғасатын білім сайысы үш кезеңнен өтеді. Бастапқы 2 кезең теориялық болса, соңғысы Назараев университетінің заманауи зертханасында өтетін эксперименттік сайыс. Берілген есептерді шешу балдық жүйемен есептелінеді. Мәселен, бірінші турда 80, ал қалған 2 турда 75 балдан жинау керек. Дегенмен есептердің өте қиын болуынан сайысқа қатысушылар ең көбі 170-190 балл ғана жинай алады. Ал олардың шығарған есептерін сол тапсырманы дайындаған автор бағалайды.

«Ағымдағы жылы алғаш рет Венгрия, Франция, Грузия елдерінің командалары қатысқалы отыр», - деді В.Лунин

Айта кетейік, Халықаралық Менделлев олимпиадасы жыл сайын сәуір айының соңы мен мамыр айының басында өткізіледі. Ол Бүкілодақтық химия олимпиадасының заңды жалғасы. Онда жүлделі орындарға ие болған оқушы МГУ-ге немесе ТМД-ның кез келген жоғары оқу  орнына тегін түсе алады.

Соңғы жаңалықтар