«Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихат пойызының ел бойынша жасаған турнесі аяқталады

ТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихат пойызының ел бойынша жасаған турнесі аяқталады.
None
None

Осыған орай, 26 қарашада Астанадағы Конгресс-Холлдың сахнасында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті өтеді.

Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, концертте ең үздік солистер мен шығармашылық топтар өнер көрсетеді. Олардың ішінде - ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген әртістері Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова және Марат Омаров, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдоллаұлы мен Евгений Шахрай, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Әлішер Кәрімов және тағы басқалары бар. Сонымен қатар, концертке «Гүлдер» ансамблі, «Әлқисса» фольклорлық ансамблі мен «Бәйтерек» тобы қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар