«Менің Қазақстаным» мерейтойлық пойызы «Саламатты Қазақстан» медициналық құрамымен бірге Астанаға келді

ТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Бүгін Астана стансасында елордадағы «Менің Қазақстаным» мерейтойлық пойызы мен «Саламатты Қазақстан» медициналық құрамының бір мезетте келуімен байланысты митингі өтті.
None
None

Митингіге осы екі пойызды ұйымдастыруға қатысқан «Нұр Отан» ХДП, ҚР Мәдениет министрлігі, ТЖМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және басқа да ведомстволардың өкілдері жиналды.

«Менің Қазақстаным» пойызын ұйымдастыруға бастамашы болған «Нұр Отан» ХДП өкілдері ағымдағы жылғы 10 тамыздан бері үш турда еліміз бойынша 10 мың шақырымнан астам жол жүріп, республиканың 25 ірі стансасында болғанын атап өтті.

Осу турға қатысушылар стансаларда аялдаған кезінде концерттер өткізді және мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларын түсіндіру жөнінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа пойызда «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдаулары жұмыс істеді, оған 8 мыңнан астам адам жүгінді. Сондай-ақ жолбағыттардың бүкіл бойында әлеуметтік, заң және банк қызметтерінің өкілдері халықпен кездесіп, әлеуметтік қорғау, заң және қаржы мәселелері жөнінде консультациялар берді.

«Саламатты Қазақстан» пойызының бас дәрігері Сырым Әжіғалиевтің айтуынша, 26 қыркүйектен бері оған қатысушылар елдің солтүстік обыстарындағы 30 стансада болған.

«Денсаулық пойызында 38 мыңнан астам адам қаралды, 12 мыңнан астам диагностикалық процедуралар өтті және 19 шағын операциялар жасалды», - деді С.Әжіғалиев Астана стансасында сөйлеген сөзінде.

«Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін кешке партия қамқоршылығымен «Менің Қазақстаным» мерекелік пойызы турының аяқталуына арналған гала-концерт өтеді. Концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Соңғы жаңалықтар