«Менің Қазақстаным» пойызы Бөрлі ауданында

АҚСАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін «Менің Қазақстаным» пойызы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласына келді. Қала тұрғындары пойыз делегациясын салтанатпен қарсы алды.
None
None

«Қарашығанақ кен орнымен аты əлемге тараған, Ақжайық өңіріндегі шағын өндіріс қаласы - Ақсайға, көптеген ұрпақ өкілдеріне өмір берген Бөрлі жеріне қош келдіңəздер! Көп ұлтты еліміз сияқты, біздің ауданымыз да бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің достық мекеніне айналып отыр. Бүгінде 55 мың халқы бар ауданда 18 ұлттың өкəлдері тату-тəтті өмір сүріп жатыр», - деді қонақтарды қарсы алуға арналған митингіде аудан əкімі Марат Түсіпқалиев.

Айта кетейік, Бөрлі ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда құрылған. Биыл аудан халқы 80 жылдық мерейтойларын атап өтуде. «Менің Қазақстаным» пойызы мамандарының аталмыш қаладағы жұмыс күнін қорытындылаған брифингте айтылғандай, жалпы саны 300-ге тарта аудан тұрғынына түрлі қызметтер көрсетілді. Мəселен, Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауларын жүргізген депутаттар мен қоғам қайраткерлері 35 адамға кеңес берді. Сондай-ақ білім саласының мамандары аудандағы мемлекеттік қызметкерлерге, колледждер мен мектеп мұғалімдеріне, өнеркəсіптердің кадр бөлімі мамандарына түрлі тақырыптарда семинар-тренингтер өткізді. Құқықтық жəне əлеуметтік мəселелер жəне бизнес пен ауыл шаруашылығы бойынша 53 адам өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Жергілікті ауруханаға келген білікті дəрігерлер де 150-ден астам адамды қабылдап, кейбіріне ем-дом жүргізді.

Соңғы жаңалықтар