«Менің Қазақстаным» пойызы Қостанай облысының Арқалық қаласында болды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы Қостанай облысының Арқалық қаласында болды. Пойызды шашу шашып, əн-жырмен қарсы алған Арқалық жұрты жолаушыларға ізгі ниеттерін білдірді.
None
None

Қала əкімі Ғазиз Бекмұхамедов мəртебелі меймандарды қарсы ала отырып, жұмыстарына табыс тіледі.

«Құрметті қонақтар, сіздердің басты міндеттеріңіз - халықпен етене араласып, оның мұң-мұқтажын, талап-тілегін ескеру. Үгіт пойызының бағдарламасы бойынша дəрігерлер, министрлік өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ұлттық кəсіпкерлік палатасының, «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорының, «Нұр Отан» партиясының өкілдері осы міндеттерін қалтқысыз орындап келеді. Сондай-ақ отандық эстрада жұлдыздары да халыққа əн-шашуын тарту етуде. Сондықтан «Менің Қазақстаным» пойызының келуі халқымыздың бірлігі бекем екенін тағы бір мəрте дəлелдеді», - деді əкім.

Пойыз мүшелері Арқалық қаласының тұрғындарын түрлі мəселелер бойынша қабылдап, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Сонымен қатар делегация басшысы Ғазиз Телебаев жəне бір топ депутаттар мен ҚХА мүшелері қаладағы психоневрологиялық интернат-үйінде болып, ҚХА-ның «20 ізгі іс-шара» акциясы аясында ондағы жарымжан азаматтарға теледидар мен басқа да сыйлықтар тарту етті.

Соңғы жаңалықтар