«Менің Қазақстаным!» пойызы Құлсары қаласына келді

С. Нақпаевтың айтуынша, Жылыой ауданы Атырау облысындағы жетекші өнеркəсіптік аймақ. Аудан көлемінде орналасқан барлық өнім өндіруші кəсіпорындар бойынша өткен жылдың қорытындысымен 4 трлн. 395 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Биылғы жыл басынан 29,2 млн. тонна мұнай жəне 14,3 млрд. текше метр газ өндіріліп отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылы 60 млрд. 183 млн. теңгені құрады. Аудан бойынша көлемі 56 726 шаршы метрді құрайтын 366 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
Айта кетейік, "Менің Қазақстаным!" пойызында Əділет министрлігінің бір топ қызметкерлері де бар. Əділет министрлігінің басқарма басшысы Пернебай Рысбаевтың айтуынша, олар жылжымайтын мүлікке төлқұжат дайындау жəне мемлекеттік тіркеу, нотариат саласы, азаматтық хал-актілерін тіркеу, сот актілерін орындау мəселелері жəне басқа да сұрақтар бойынша жергілікті тұрғындарды қабылдайды. "Құлсары қаласындағы қабылдауымызда 25 азамат болды. Оларды толғандырған негізгі сұрақтар жылжымайтын мүлік мəселесі бойынша, оның ішінде банктер несие беру кезінде жылжымайтын мүлікке 2010 жылға дейін алынған техникалық төлқұжатына 2010 жылы заңға енгізілген өзгерістерге сəйкес кадастрлық нөмірін толықтыруды талап етеді. Осы мəселе бойынша Атырау облысының Əділет департаменті басшысының орынбасары А. Каримовке жəне Жылжымайтын мүлік орталығының Жылыой ауданы бойынша бөлімшесінің басшысы А. Сапаровқа аталған сұрақтардың заңда көрсетілген мерзім ішінде кедергісіз орындалуына ықпал ету тапсырылды. Сондай-ақ, азаматтық хал-актілерін тіркеу мəселесі бойынша, Сот актілерін орындау, нотариат, адвокатура саласы бойынша қабылдауда болған адамдарға заңдық кеңес берілді, - деді топ жетекшісі П. Рысбаев.