«Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициясының екінші кезеңі өтеді - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Шілденің 29-30 күндері Атбасар ауданының Борисовка селосында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының екінші облыстық кезеңі өтеді.
None
None

Бұл туралы облыстық туризм басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Балалар мен жасөспірімдер арасында туризмді дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарға патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштік қасиетін арттыру, экологиялық, білім беру және мәдени деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға аталған экспедицияның мәдени-танымдық, экологиялық-өлкелік және спорттық-сауықтыру номинациялары бойынша аудандық кезеңінде топ жарғандар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған. Жеңімпаздар «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедициясының ақтық кезеңінде Ақмола облысының абыройын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар