«Менің аялдамам – менің үйім»: Белсенді жастар қоғам назарын маңызды мәселеге бұрды
АСТАНА. KAZINFORM - Қалаларда жайлы инфрақұрылым нысандары пайда болғаннан кейін өкінішке қарай оған зақым келтіретін адамдар да табылып жатыр.
Бөлісу:
Фото: "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы
Өткен жылғы статистикаға мән берсек, вандализмге қатысты 1000-нан астам оқиға, 120 әкімшілік құқық бұзушылық және бұзақыларға қатысты 1244 хаттама толтырылған.
«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы қоғам назарын аудару мақсатында «ВандализмOFF» жобасын қолға алды. Сөйтіп, бас қаланың Жеңіс даңғылындағы аялдамалардың бірін өзгертті. Аялдама әркім кіріп көріп, жайлылығын сезіне алатындай етіп безендірілген. Мұндағы мақсат – қоршаған ортаны, қоғамдық кеңістікті қадірлей білу, құрметпен ұстанымдарын санамыздағы қалыпты түсінікке айналдыру.
«Қоғамдық нысандар – біздің қаржымызға салынған ортақ үйіміздің бір бөлігі. Менің аялдамам – менің үйім» акциясы арқылы бұзақылық мәселесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар әрбір аялдамаға, қалалық инфрақұрылым нысандарына қамқорлық танытып және қажет болса, қоғамның өзі оған қорған болуы тиіс екеніндігін көрсетеміз», - дей жастар қозғалысының өкілдері.
Фото: "Жаңа адамдар" жастар қозғалысы
«Біздің үйіміз табалдырығымыздан аттағаннан кейін аяқталмайды. Бізді қоршаған ортаның бәрі біздің үйіміз, осыны түсінуіміз қажет. Осылайша Астананың қарапайым аялдамасын біз жайлы пәтерге айналдырдық. Себебі табалдырығымыздан кейінгінің бәрі де біздікі», - дейді «ВандализмOFF» жобасының жетекшісі Акерке Ахпанбаева.