Менің де жүрегім ауырды – Павлодар облысының әкімі 7 жасар қыздың өлімі жайлы
Павлодар облысында арнаулы органдарда есепте тұрған 300-ден астам отбасы бар. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір басшысы 7 жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты кеңес өткізгенін атап өтті. Айта кетерлігі, сәби өліміне оның анасы мен танысы күдікті болып отыр.
«Маған да қорқынышты болды, сіздер сияқты менің де жүрегім ауырды. Дегемен біз қорытынды шығардық. Жұмыс істедік. Екібастұзда кеңес өткіздім, әрбір әлеуметтік және мемлекеттік қызметтің кінәсін тыңғылықты тексердік әрі тиісті шешім қабылдадық», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның дерегінше, тек Екібастұз қаласында ғана қолайсыз отбасы ретінде 78, ал облыс бойынша 300-ден астам отбасы тіркеуге алынған.
«Жергілікті әкімдіктің ата-аналардың әдепсіз мінез-құлқына назар аудармағаны негізгі кінә саналады. Сондай-ақ анасы бұл жайында дер уақытында хабарламаған. Ауыл Екібастұздан 65 шақырым жерде орналасқан. Небәрі 7 үй ғана бар сол ауылда анасы тұрған», - деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, Милана 17 қараша күні Екібастұздан 50 км жердегі Бесқауға ауылында жоғалып кетті. https://kaz.inform.kz/news/pavlodarlik-politseyler-7-zhasar-kizdi-zdestrp-zhatir-a25e11/
Осы күні кешкісін сағат 9:00 шамасында қыздың анасы полицияға шағым түсірді. Милананы екі тәулік бойы 400 адам іздеді.
Тіпті іздеу жұмыстарына тікұшақ пен кинологтар да жұмылдырылды.
19 қарашада 7 жасар Милананың денесі қоқыстан табылды.