Мердігерлерге меншікті құрылыс техникасының болуы міндеттеледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуды жетілдіру ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Құрылыс жұмыстарын орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстары бар мердігерлерді іріктеу мақсатында меншікті құрылыс техникасының болуы туралы міндетті талап белгілеу ұсынылады. Ол үшін мамандандырылған техниканың бірыңғай базасын құру жоспарлануда. Бұл олардың бар-жоғын автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді», - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, мұндай шаралар құрылыс жұмыстарын орындау үшін базалық техникасы жоқ мердігерлерді іріктеуден өткізбейді.

«Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алуда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуында құрылыс жұмыстарын қосалқы мердігерлікке заңсыз беруді шектеу мақсатында қосалқы мердігерлерге жұмыстар шекті көлемінен асқан кезде және тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлерді тарту кезінде Сатып алу туралы шартты бұзу мүмкіндігі қарастырылады», - деді Е. Жамаубаев.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жол құрылысына қажетті ресурстарды өндіру және тұтыну барысын мұқият саралау тапсырған еді.



Соңғы жаңалықтар