Мереке қарсаңында ақ халаттылар марапатталды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық онкология орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесі аясында салтанатты жиналыс өткізілді.
None
None

 Орталықтың бірқатар қызметкерлері облыстың денсаулық сақтау саласына қосқан үлестері үшін, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттармен марапатталды,деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

  Айта кеткен жөн, биылғы жылы ақпан айында облыс әкімінің  қолдауымен ашылған паллативті көмек бөлімінің науқастарына арналған жаңа санитарлық автокөлік табыс етілді. Санитарлық автокөлікке жергілікті бюджеттен 4 млн теңге қарастырылып, Тәуелсіздік мерекесінде тарту болып отыр. Ендігі жерде, бұл көліктің негізгі қызметі орталықтың паллиативті бөліміне жатқызылатын ауыр науқастарға арналмақ.

Соңғы жаңалықтар