Мереке қарсаңында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналары ардақталды

  АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімдігі Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналарын 8 наурыз - Әйелдер күнімен құттықтады.
None
None

«Бұл жылсайынғы дәстүр. Бүгін Астана әкімдігі Ауған жерінде ажал құшқан 10 жауынгер-интернационалистің  аналарын құттықтау үшін шақырып отыр. Біз аналарымызға зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз», - дейді Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Ләззат Әбуова.

 Қала басшылығы елордадағы жауынгер-интернационалистерді және  қаза тапқан боздақтардың ата-аналарын назардан тыс қалдырған емес. Оларға жыл сайын құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар табысталады. Бүгін де олар сыйлықтармен марапатталды.     

 Бұл соғысқа Қазақстаннан 22 мың азамат қатысып, оның 924-і опат болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қалды және 21 адам хабарсыз кетті.

Соңғы жаңалықтар