Мереке күні 8 қалада ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды бастаған 8 қалада ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: freepik.com

— 2025 жылғы 1 мамырда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында ауа сапасы күні-түні тексеріліп жатқаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар