Мереке күндері Астанада қоғамдық көліктер қалай қатынайды
АСТАНА. KAZINFORM – «City Transportation Systems» ЖШС елордадағы қоғамдық транспорттың мереке күндердегі кестесін жариялады.

Тасымалға жауапты компанияның мәліметінше, 31 желтоқсанда қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз, бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
Мереке күндері қала және қала маңы бағдарлары демалыс күнінің кестесіне сәйкес 06:00 — 23:00 жүреді;
1 қаңтар
Сағат 10:00–ге дейін қалалық бағдарлар бір рейс өткізіп жүреді. Сағат 10:00–ден кейін бекітілген кестеге сәйкес жүреді;
экспресс және қала маңы бағдарлары кестеге сәйкес жүреді.
2-4 қаңтар демалыс күнінің кестесі бойынша өзгеріссіз;
5-6 қаңтарда қала және қала маңы бағдарлары жұмыс күнінің кестесіне сәйкес жүреді.
7 қаңтарда демалыс күнінің кестесі бойынша жүреді.
Келесі күндері қоғамдық көлік қолданыстағы кестеге сәйкес (апта күніне орай) штаттық режимде жүреді.
Бұған дейін Алматы автобустары мереке күндері қалай жүретінін жазған болатынбыз.