Мереке күндері Алматыда 500 рет жол ережесі бұзылған

АЛМАТЫ. КазАқпарат - Алматыда үш күн ішінде 500 рет жол қозғалысы ережесі бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қалалық ІІД жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мереке күндері Алматыда 500 рет жол ережесі бұзылған

Мереке күндері Алматының жол-патрульдік полициясы Абай, Райымбек, Төле би даңғылдары және Желтоқсан, сондай-ақ Наурызбай батыр көшелері бойынша тек қоғамдық көліктердің қозғалысына арналған белгіленген жолақтарда жергілікті жұмыстар жүргізді. Аталған көшелерге күнделікті жол-патрульдік полициясының жасақтары қойылады.

«2017 жылы нарыздың 6-8 күндері арнайы жолақтарда 500 ҚР ЖҚЕ бұзылғаны анықталды. Оның ішінде, 64 жүргізуші көлік тұрағы ережесін бұзған, 252-і «аялдауға тыйым салынған» 3.27 жол белгісі талабын ескермеген болса, 184-і «кіруге тыйым салынған» 3.1 жол белгісі талабын бұзған», - деп хабарлайды қалалық ІІД жергілікті полиция қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, мереке күндері Алматының жол-патрульдік полициясы жолдарда, қоғамдық орындарда және көшелерде құқықтық тәртіпті орнату, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарды анықтау бойынша шараларды күшейтті. Осы мақсатта Алматы полициясының жеке құрамы қызметінің атқарылуы күшейтілген тәртіпке көшті.