Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттерді уақтылы ескертуді және жолын кесуді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың 21-25 наурызы күндері аралығында қызмет көрсетудің күшейтілген нысанына көшіріледі.
None
None

Бұл туралы Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Көліктегі ІІД еліміздің теміржол және әуе көлігі нысандарында, вокзалдарда қауіпсіздікті сақтау, жолаушылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асырады.

«Мереке күндері департаменттің қызмет көрсету аумағында заңдылық пен құқық тәртібін сақтау, сонымен қатар, түрлі қылмыстардың алдын алу шаралары айырықша міндет пен жауапкершілікті талап етеді. Осыған сәйкес, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданбақ», - дейді Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сапар Шерьязданов.

Мереке күндері Көліктегі ІІД-нің басқармалары мен бөлімдерінен жасақталған жедел топтар құрылмақ. Бұған қоса, 200-ге жуық полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, жолаушылардың қауіпсіздігі мен олардың жүктерін күзетуді қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар