Мереке күндері Петропавлда 32 бала дүниеге келді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 32 бала дүниеге келген. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықта босану бөлімінің меңгерушісі Наталья Клебан ақпараттандырды.
None
None

«Жаңа жыл түнінде 5 бала - 3 ұл мен 2 қыз дүниеге келген. Аналар да, нәрестелер де өздерін жақсы сезінуде. Босану оқиғаларының бәріне аналардың жақындары қатысқан. Мереке күндері бізде 32 бала дүниеге келген: 17 ұл мен 15 қыз. Өткен жылмен салыстырғанда босану саны өскен. Бұл жағдай бізді қуантып отыр», - деді Н.Клебан.

Өткен жылдың 1 қаңтарында 9 сәби дүниеге келген.

Соңғы жаңалықтар