17:38, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Мереке күндері Жамбыл облысында жол-көлік оқиғалары салдарынан сегіз адам зардап шекті
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мереке күндері аймақта жаяу жүргіншілерді көлікпен қағып кетудің сегіз оқиғасы тіркеліп, оның үшеуінде адам шығын болды.

Бұл жөнінде ҚазАқпаратқа Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.Мамырдың 9-ы күні Жамбыл ауданының орталығы ? Аса ауылындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті жастағы бүлдіршін ауруханада көз жұмды.Сол күні аталмыш ауданның Қордай ауылында 20 жастағы жүргізуші 62 жастағы зейнеткерді үйінің жанында көлікпен қағып өлтірді. Алматы - Ташкент тас жолының 326-шы шақырымында Мерке ауданы аумағында 40 жастағы «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі тіркемелі КамАЗ-54115 жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көлікте келе жатқан 40 жастағы жолаушы оқиға орнында жан тапсырса, жүргізуші және басқа тағы бір жолаушы жарақаттар алды. Мамырдың 8-і күні Тараз қаласындағы аялдамалардың бірінде жеті жасар баланы көлік қағып кетіп, дене мүшелері сынып, миы шайқалған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Мамырдың 10-ы күні 19 жастағы жүргізуші 25 жастағы қала тұрғынын көлікпен қағып кеткен, зардап шеккен әйел оқиға орнында жан тәсілім етті.Жол полициясы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Бақытбек Жолдасбековтың сөзіне қарағанда, мереке күндері (мамырдың 7-9-ы) облыстық ЖПБ қызметкерлері 809 жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтаған, оның ішінде жол қозғалысы жылдамдығын асырғаны үшін 468 жүргізуші, мас күйінде көлік басқарған 34 адам, қос жолақты қиып өтіп, қозғалысқа қарсы шығып кеткен 16 адам әкімшілік жазаға тартылды. Жыл басынан бері облыс жолдарында көлікпен кісі қағып кетудің 47 оқиғасы тіркеліп, оның 18-і адам өлімімен аяқталып, 18-інде зардап шегушілер түрлі деңгейде жарақаттар алды. Ал, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жол ережесін бұзудың бұл түрі 30 пайызға азайып, адам шығыны ? 28 пайызға кеміген.