Мереке күні астанада 10 кафе-бар карантин режимін бұзған

Алматы ауданының мониторинг топтары «Aisa» барында, «Oasis» кафесінде және «В9» компьютер клубында жұмыс режимі бұзылғанын анықтады.
Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында орналасқан «Sreda» кафесі сағат 22:00-ден кейін де жұмысын тоқтатпаған.
Мекеме қызметкерлері бетперде, әлеуметтік қашықтық режимін сақтамағаны белгілі болды.
Сол сияқты Байқоңыр ауданындағы «Мята» лаундж-бары да белгіленген режимді сақтаған жоқ.
Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған тағы 5 қоғамдық тамақтану орны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оның арасында «Какие люди» ресто-бары, «Мост», «Мята» мейрамханалары, «Legends pub» бары, «Woklagman» фастфуд орны бар.
Карантин талабын бұзғандарға қатысты материалдар тиісті шара қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.