16:33, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Мерекеде Астана полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылар мен Ұлы Отан соғысының Жеңісі күні мерекесі кезінде елорданың Ішкі істер департаментінің жеке құрамы күшейтілген қызмет нұсқасында жұмыс істейтін болады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ІІД-ден мәлім етті.

Аталған күндері қоғамдық тәртіп сақшылары қала аумағында күшейтілген тәртіпте кезекшілік атқарады.
Күзет нарядтарының бағдарлары мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерге мейілінше жақын орналасады.
«Мыңнан астам полиция қызметкері мен екі жүзден астам ішкі әскер жауынгерлері іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қорғауға жұмылдырылады», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Полицейлерден басқа қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеке күзет агенттіктерінің ұтқыр топтары мен полицияның ерікті көмекшілер отрядтары да белсене қатысады.