Мерекеден кейін өзіңді қалай тез қалыпқа келтіруге болады – маман кеңесі
Бүгін түнде Жаңа жылды қарсы аламыз. Отбасылық мереке бірнеше күнге созылады. Мейрам қарсаңында Kazinform агенттігінің тілшісі ҚР ПІБ МО медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының (МТАЖО) президенті Қази Тілеубековтен кеңес сұраған еді.

- Қази мырза, мерекелік қарбалас пен демалыс күндерінен кейін өз-өзіңді қалыпқа келтірудің тез жолдары қандай, атап өтсеңіз...
- Істеріңізді төрт санатқа бөліңіз. Маңызды және шұғыл, маңызды бірақ шұғыл емес, маңызды емес және шұғыл да, маңызды да емес. Соңғысы туралы мүлдем ұмытуға болады. Басымдықтарды анықтағаннан кейін маңызды және шұғыл істерден бастаңыз. Өз-өзін уақытылы басқарудың белгілі бір әдістері бар. Олар жұмысқа тезірек кірісуге және кәсіби қызметті тиімді жалғастыруға көмектеседі. Солардың бірі – «Құрбақаны жеу» (Поедание лягушки) немесе «асап жеу» деп аталады.
- Бұл бағытта халықаралық тәжірибе не дейді?
- Аталған әдіс туралы әйгілі бизнес-жаттықтырушы Брайан Трейси жиі айтады. Оның мәні – сіз үшін ең қиын және жағымсыз тапсырманы бірінші орындауыңызда. Мұны таңертең жасау керек, яғни ми әлі ақпаратпен қанықпаған кезде, оған қиын және энергияны қажет ететін нәрсені жеңу әлдеқайда оңай. Сіз ә дегенде асап жеуден кейін басқа іске тез кірісіп кете аласыз. Әдетте, оған көп уақыт қалады.
- Уақытты үнемдеп, шаруаны тез тындыру үшін «оларды жеудің» тағы қандай түрі болады?
- Маман ұсынған тағы бір әдіс – «Пілді тілімдеп жеу» (Поедание слона по кусочкам) деп аталады. Бұл үлкен тапсырманы кішігірім тапсырмаларға бөлуді білдіреді. Сіздің алдыңызда үлкен жоба тұрған кезде осы әдісті қолданған жақсы. Ми жұмысын шошытпау үшін көлемді тапсырманы шағын бөліктерге бөлген жөн. Содан кейін оны еңсеру әлдеқайда оңай. Мысалы, сіз жаңа жобаны қолға алғанда оны бірден орындамай шағын қадамдарға бөлу секілді.
- Жаңа жылды қарсы алып, мерекеден соң өз-өзіне келуде, іске тез қайта кірісуде дедлайн маңызды шығар?
- Кез келген тапсырманы немесе жобаны орындаудың нақты мерзімдерін белгілеу маңызды. Уақыт кестесі анық болған кезде, бұл бізді тезірек жұмыс істеуге ынталандырады және кейінге қалдыруды жеңуге көмектеседі.
- Сұхбатыңызға рахмет.