Мерей Базарбаев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.

Мерей Базарбаев әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: United World Wrestling

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда ол түркиялық Бекир Кесерден басым түсті.

Мерей Базарбаев финалға дейін жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен, франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэден 7:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек U23 әлем чемпионатында украиналық қарсыласын 11:10 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанған болатын. Бұл — Қазақстан әйелдер күресі тарихындағы осы чемпионаттың алғашқы медалі.