«Мерейлі отбасы» байқауының ақтық кезеңінде Ақмола облысының абыройын интернационалды отбасы қорғамақ

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ақтық кезеңінде Ақмола облысының абыройын интернационалды отбасы қорғамақ.
None
None

Шырайлы Сандықтау жерінде тұратын Мухиндер отбасы өңірге интернационалды ғана емес, спортшылар отбасы ретінде танымал. 22 жыл отасып отырған жанұя спортты серік етеді. Отағасы Александр Мухин Қазақстан Республикасының шаңғы спорты бойынша жаттықтырушысы болса, үлкен ұлдары Ренат шаңғы спорты бойынша ұлттық құрама сапында. Ал кенже ұлдары кіші Александр Австрия елінде өткен халықаралық жарыста күміс жүлдегері атанған болатын. Жалпы алатын болсақ, бұл отбасының әр мүшесі халықаралық және республикалық шаңғы жарыстары мен биатлон сайыстарының жүлдегерлері. Ал аналары Сәуле Балкашинодағы балалар мектебінде қызмет істейді. «Шыны керек, мен де, менің отбасым да «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Бұл біз үшін ең алғашқы отбасылық жеңісіміз. Сондықтан ақтық кезеңінде өзімізге қолдау білдірген жерлестеріміздің сенімін қолдан келгенше ақтауға тырысамыз», - дейді отағасы Александр Мухин. Еске сала кетсек, облыс бойынша өткен жылы байқауға 1200-ден астам отбасы қатысқан болса, биыл 2500-дей үлгілі жанұя қатысуға өтініш білдірген. Соның ішінде Сандықтау ауданы атынан қатысқан Мухиндер жанұясы ұлттық байқаудың облыстық кезеңнің бірінші дәрежелі дипломы және бағалы сыйлығымен марапатталып, елордамыз Астанада өтетін ақтық кезеңіне жолдаманы жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар